Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Новак Джокович Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады

05.08.2024, 12:56

Сербия чемпиондарға 218 мың доллардан (102 миллион теңге) төлейді

Новак Джокович Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады
olympics.com

Әлемнің екінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович Париждегі Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін алты сандық сыйақы алады.

Dailymail мәліметінше, Сербия чемпион атанған спортшыларының барлығына 218 мың доллардан (102 миллион теңге) төлейді. Бұл төртжылдықтың бас додасына қатысып жатқан елдердің арасында қомақты сыйақы қатарына жатады.

Одан бөлек бұл Еуропадағы ең көп сома саналады. Дегенмен Гонконг жеңімпаздарға төлейтін 768 мың доллардан әлдеқайда аз. 

Олимпиада чемпионы ретінде Джокович 40 жасынан бастап, яғни үш жылдан соң мемлекеттік зейнетақы алып отырады. 

Естеріңізге сала кетейік, Новак Джокович ерлер арасындағы жекелей сында Олимпиада чемпионы атанды.

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалында Джокович испаниялық Карлос Алькараспен (3-орын) кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңді – 7:6 (7:3), 7:6 (7:2). Осылайша, ол алтын медаль еншілеп, Карлос Алькарас күміс жүлдеге қол жеткізді.

Джокович карьерасында 143 000 000 фунт сыйақы алып, спорт тарихында өзіндік рекорд орнатқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам