“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Жарақатым бар» деп Олимпиадаға қатыспаған Юлия Путинцева Канададағы жарыста бақ сынамақшы

06.08.2024, 11:06

Елена Рыбакина болса әлі демалып жатыр

«Жарақатым бар» деп Олимпиадаға қатыспаған Юлия Путинцева Канададағы жарыста бақ сынамақшы
Colorsport

Париждегі Олимпиада ойындары басталуға небәрі бір күн қалғанда жарысқа қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто қаласында (Канада) басталған жарыста бақ сынамақшы.

Жарыстың күнтізбесінде Юлия Путинцеваның аты-жөні жазылған. Ол Астана уақытымен 7 тамызда кортқа шығады. Қарсыласы – украиналық теннисші Даяна Ястремская. Ол WTA рейтингінде 27-орында тұрса, қазақстандық теннисші 31-орында. Екеуі бұған дейін ресми жарыстарда кездеспеген.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы басталар алдында Қазақстанның екі теннисшісі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарысқа қатыса алмайтындарын айтқан болатын. Екеуі де денсаулығының сыр бергенін айтқан. Бұл өз кезегінде қазақ жанкүйерлерінің наразылығын тудырды.

Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!

Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!

Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам