Ол бір күнде екі рет матч өткізді
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (#33)
Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды. Дегенмен, ол жарысты жұптық кезеңде жалғастырады.
Жекелей сында Путинцева испан қызы Паула Бадосамен (#37) кортқа шыққан болатын. Алайда, екі сетте де 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Артынша қазақстандық теннисші қайта кортқа шықты. Бұл жолы ол жұптық сында канадалық Лейла Фернандеспен бірігіп, Тейлор Таусенд/Катерина Синяковаға қарсы өнер көрсеткен. Кортқа аутсайдер ретінде шыққанымен Путинцеваның жұбы жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды, есеп – 2:6, 6:1, 10:6.
Енді финалға шығу үшін Путинцева мен Фернандес Линда Носкова/Диана Шнайдер жұбын жеңуі керек.