Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы допингпен ұсталса да жазаланған жоқ

21.08.2024, 00:22

Оның небәрі 400 ұпайын алып қойған

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы допингпен ұсталса да жазаланған жоқ
Getty Images

Теннистен ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнер 2024 жылы допинг-тест тапсырғанда екі рет өте алмай қалды. Оның қанынан анаболикалық препарат саналатын клостебол табылған.

Халықаралық әділ теннис агенттігі (ITIA) италиялық теннисші өздігінен допинг қолданбаған деп отыр. Синнердің физиотерапевті саусағындағы кесікті емдеу үшін қолданған спреймен ластанғанын анықтады.

Өйткені Янникке физиотерапевт қолғапсыз абайсызда жасаған массаждан кейін жұққан.

«Янник Синнер тарапынан ешқандай кінә немесе немқұрайлылық болмағаны бізді жігерлендіреді. Сондай-ақ, біз оған жарысты жалғастыруға мүмкіндік берген допингке қарсы күрес бағдарламасының сенімді тергеу үдерісі мен тәуелсіз фактілік бағасын мойындағымыз келеді. Бұл жағдай Янник пен оның командасына оңай болған жоқ. Өнімдерді пайдалану немесе процедураларды орындау кезінде барынша сақтық таныту қажеттілігін атап көрсетеміз. Біздің спортта адалдық өте маңызды», - делінген ATP баспасөз хабарламасында.

Синнер 2024 жылдың 10 наурызында Индиан-Уэллс қаласында өткен ATP Masters 1000 турнирі кезінде тапсырған сынақтан өте алмай қалған. Сегіз күннен кейін қайталап тапсырғанда тағы да оң нәтиже көрсеткен. Оның қанында төменгі концентрациядағы метаболит табылған.

Спортшы оңай жазамен құтылды. Ешқандай дисквалификация берілмеді. Тек Индиан-Уэллсте жинаған 400 рейтингтік ұпайынан айрылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам