Қай жеңгені жарыстың негізгі кезеңіне өтуге таласады
Теннистен АҚШ ашық біріншілігінің іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы матчтарын қазақстандық Тимофей Скатов (#190) пен Бейбіт Жұқаев (#218) жеңіспен бастаған. Енді екеуі бір-біріне қарсы ойнайды.
Қос теннисшінің қай жеңгені іріктеудің финалына шығады. Ал жеңімпаз US Open турнирінің негізгі сеткасында өнер көрсетуге жолдама алады.
Іріктеудің алғашқы айналымында Тимофей Скатов аргентиналық Факундо Багнисті үш сетте жеңді, есеп – 6:7, 7:6, 6:1. Ал, Бейбіт Жұқаев швейцариялық Марк-Андреа Хюслерді жеңіп (7:6, 6:4), жарыс сенсациясын тіркеді.
Қазақстандық өзге теннисшілер Денис Попко аргентиналық Тиаго Тирантеден, Михаил Кукушкин де аргентиналық Марко Трунгельитиден жеңіліп қалды.
Биыл US Open бюджеті 26 440 000 долларды құрап отыр. Чемпион болған теннисші 3 600 000 доллар және рейтингтік 2 000 ұпайын алады.