“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстандық теннисші АҚШ чемпионатында іріктеу сайысының финалына шықты

22.08.2024, 10:12

Тимофей Скатов жартылай финалда Бейбіт Жұқаевқа қарсы ойнады

Қазақстандық теннисші АҚШ чемпионатында іріктеу сайысының финалына шықты
ҰОК

Әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында отандасы, әлемнің 218-ракеткасы Бейбіт Жұқаевқа қарсы ойнады. 

Матчты Бейбіт сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте таразы басы Скатовқа ауды – 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші партияда Тимофей күш алып кетті – 6:1.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық, 29 жастағы Билли Харриспен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, АҚШ ашық чемпионатына жолдама алады. 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 207-сатыдағы Денис Евсеев іріктеу сайысында екінші кездесуінде әлемнің 130-ракеткасы, нидерландылық Йеспер де Йонгтан жеңіліп қалды – 3:6, 2:6.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам