“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Елена Рыбакина бас бапкері Стефано Вуковпен жұмысын тоқтатты

23.08.2024, 09:19

Екеуінің арасында былтыр да дау туындаған болатын

Елена Рыбакина бас бапкері Стефано Вуковпен жұмысын тоқтатты
WTA

Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің бас бапкері Стефано Вуковпен келісімшартын үзді. Бұл туралы әйгілі теннисші өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Рыбакина хорват маманымен 2019 жылдан бері жұмыс істесіп келеді. 2022 жылы осы бапкердің жаттықтыруымен Уимблдон турнирін жеңіп алды.

Айта кету керек, Рыбакина мен Вуков арасында 2023 жылы дау туындаған болатын. Сол жылы Australian Open турнирінде бапкер қазақстандық теннисшіге матч кезінде ауыр сөздер айтқан. Мұны естіген өзге даңқты теннисшілер Рыбакинаға бапкер ауыстыруға кеңес берген болатын.

Елена Рыбакина соңғы рет Цинциннати турнирінде өнер көрсетіп, бірінші айналымда канадалық теннисшіден жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам