“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Елена Рыбакинаның жаңа бапкер тапқаны туралы ақпарат тарады

25.08.2024, 21:41

Теннисші Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқаннан кейін Цинциннатидегі жарысқа қатысып, жеңіліп қалды

Елена Рыбакинаның жаңа бапкер тапқаны туралы ақпарат тарады
instagram.com/lenarybakina/

Күні кеше бапкерімен келісімшартты үзгенін хабарлаған Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа бапкер тапқан сыңайлы. Жанкүйерлердің бірі теннисшінің жаттығу сәтін видеоға түсіріп алған және онда жаңа бапкердің бірге жүргенін мәлімдеген.

Аталған видео X әлеуметтік желісінде тарады.

«Елена Рыбакинаның Артур Эш стадиондағы жаттығуынан бірер секундтық видео. Бұл шамасы теннисшінің жаңа бапкері секілді», - делінген видеоға тіркелген жазбада.

Рыбакина 2019 жылдан бері хорват маманы Стефано Вуковтың қоластында жаттықты. Алайда, соңғы бірер жылда екеуінің арасында бірнеше рет түсініспеушілік болған. Атап айтқанда, бапкер теннисшіге жарыс кезінде дөрекі сөйлеп, мұны өзге теннисшілер қатаң сынады.

Десе де, Рыбакина Вуковпен бірге 2022 жылы Уимблдон турнирін жеңіп алған болатын. Қазір ол WTA рейтингінің төртінші сатысында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам