“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open турнирінің жеңімпазы атанды

08.09.2024, 10:29

Бұрын-соңды ол АҚШ ашық біріншілігін жеңіп көрмеген

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open турнирінің жеңімпазы атанды
Sarah Stier/Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко US Open-2024 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда беларустық теннисші америкалық Джессика Пегуламен кездесіп (#6), екі сетте де 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 53 минутқа созылды. Осы уақытта Арина алты эйс және бес дабл-фол жасап, 13 брейк-пойнттың бесеуің жүзеге асырды. Ал, Пегула болса төрт эйс, төрт дабл-фол және төрт брейк-пойнт авторы атанды.

Соболенко мен Пегула өзара сегізінші рет кездесіп отыр. Оның алтауында Соболенко жеңіске жеткен.

US Open турнирінің қыздар сынындағы биылғы жүлде қоры 75 миллион долларды құрады. Соңғы рет бұл жарысты америкалық Кори Гауфф жеңіп алған болатын. Ал, Соболенко АҚШ чемпионатында алғаш рет чемпион атанып отыр.

Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да бақ сынаған болатын. Рыбакина екінші айналымға шығып, денсаулығына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Ал, Путинцева үшінші айналымда жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам