“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Янник Синнер US Open турнирінде топ жарды

09.09.2024, 13:14

Ол биыл алты турнирдің финалына шығып, бәрінде жеңіске жетті

Янник Синнер US Open турнирінде топ жарды
Getty Images

Теннистен ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер US Open турнирінің жеңімпазы атанды.

Италия спортшысы осылайша 2024 жыл басталғалы бері 46 кездесудің қорытындысы бойынша 45 қарсыласын жеңіп отыр. Ол АҚШ-тың ашық біріншілігінде әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған америкалық Тейлор Фрицті 3:0 есебімен жеңді. Кездесу нәтижесі үш сет бойынша 6:3, 6:4, 7:5 есебімен аяқталып, Италия өкілі «Үлкен дулығы» турнирінде топ жарып отыр.

Янник Синнер биыл тек Монте-Карло турнирінің жартылай финалында Стефанос Циципасқа есе жіберген еді. Сондай-ақ, ол АҚШ-тың 10 теннисшісімен түрлі жарыстарда жолы түйісіп, барлығында жеңіске жете алды.

Италия теннисшісі биылдыққа алтыншы титулына қол жеткізді. Синнердің еншісінде әзірге тек екі «Үлкен дулыға» бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам