Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикада өткен турнирде жеңімпаз атанды

16.09.2024, 09:23

Бұл оның мансабындағы оныншы трофей

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикада өткен турнирде жеңімпаз атанды
WTA

Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен WTA 500 турнирінің жұптық сынында қазақстандық Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева чемпион атанды.

Жарыстың финалында Данилинаның жұбы грузин Оксана Калашникова мен ресейлік Камилла Рахимова жұбымен кортқа шығып, үш сеттің нәтижесінде 2:1 есебімен (2:6, 7:5, 10:7) жеңіске жетті. Матч 1 сағат 26 минутқа созылды.

Қазақстандықтың жұбы үш сетте небәрі бір эйс жасап, алты рет дабл-фолға жол берді. Ал, олардың қарсыластары бір эйс пен екі дабл-фол жасады.

Бұл – Анна Данилинаның оныншы трофейі. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын ол бұған дейін Сидней (WTA 500), Окленд (WTA 250), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250), Гданьск (WTA 250), Румыния (WTA 250) және Италия мен Францияда өткен WTA 125 турнирлерінде жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам