Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Биыл Рыбакина қанша табыс тапты

19.10.2024, 17:38

Теннисші оннан аса турнирге қатыса алмады

Биыл Рыбакина қанша табыс тапты
Championat.com

Биыл бірқатар турнирге денсаулығына байланысты қатыса алмаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылы үш миллион доллардан астам сыйақы алды.

Ол бұл табысын қорытынды турнирде сәтті өнер көрсеткен жағдайда көбейте алады. Себебі қараша айында Эр-Риядта өтетін аламанның сыйақы қоры 15.25 миллион доллар болмақ.

Елена элиталық турнирге әлемдік рейтингіде бесінші орында тұрғандықтан іріктелді. Биыл ол Уимблдонда, Майами мен Дохада өткен «Мастерс» финалдарында, сонымен қатар WTA-500 сериялы үш турниріне қатысу арқылы біраз ұпай жинады.

Сыйақыны ең көп мөлшерде еншілеген Арина Соболенко – 8.69 миллион доллар. Одан кейінгі сатыға әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентек (7.51 миллион) пен Жасмин Паолини (5.03 миллион) жайғасты.

Эр Риядтағы WTA Қорытынды турнирі 2-9 қараша аралығында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам