Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Зарина Диас көптен бері алғаш рет Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

20.10.2024, 17:50

Екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған Зарина биылғы алғашқы титулына қол жеткізді

Зарина Диас көптен бері алғаш рет Түркиядағы турнирде жеңіске жетті
sports24.kz

Ұзақ үзілістен кейін жуырда ғана кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирде топ жарды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен кездесті. Қызығы, отандасымыз бірінші кезеңде «баранка» алып, 0:6 есебімен ұтылды.

Дегенмен Диас камбэк жасап, келесі екі сетте жеңісті жұлып алды. Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.

Бұған дейін Кайсери турнирінде Диас румындық Патрисия Мария Цигті (256-шы орын) 3:6, 6:4, 6:2, неміс Пиа Префкені (рейтингте жоқ) 7:6, 6:1, түрік теннисшісі Дениз Дилекті (рейтингте жоқ) 6:0, 6:2 және ресейлік Екатерина Маклакованы (485-ші орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

 

 

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам