ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Михаил Кукушкин Словакия турнирінің екінші айналымына өтті

Енді әлемдік рейтингте 196-орында тұрған теннисшімен кездеседі

ESPN©️
ESPN©️

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Братиславада (Словакия) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Әлемнің 110-ракеткасы саналатын отандық теннисші аталған турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген еді. Ол алғашқы кездесуде бразилиялық Жуан Фонсеканың (№151) осал тұсын тауып, екінші айналымға өтті.

Бұл сында Кукушкин бірінші сетте 6:4 есебімен басымдық танытса, екінші кезеңде 7:5 нәтижесімен көрсеткішімен нәтижені теңестірді. Дегенмен, үшінші шешуші сетте Михаил Кукушкин мүлт кетпей, 6:4 есебімен алға шықты.

Екі сағаттан астам уақытқа жалғасқан матчта Михаил Кукушкин енді әлемдік рейтингте 196-орында тұрған Франция теннисшісі Констан Лестьенпен шеберлік байқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам