Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Қазақстанның бірінші ракеткасы Париждегі турнирден шығып қалды

31.10.2024, 10:12

Ол әлемнің 13-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунеге есе жіберді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Париждегі турнирден шығып қалды
KTF

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы, 27 жастағы Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирін аяқтады.

Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунеге қарсы ойында жеңіліс тапты.

Матч 6:4, 6:2 есебімен скандинавиялық теннисшінің пайдасына аяқталды. Қарсыластар кортта 1 сағат 10 минут өткізді. Бублик 9 эйс жасады, 10 қос қате жіберіп, бірде-бір брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады. Елдің бірінші ракеткасы жарыстан шығып қалған соң, Париждегі «Мастерс» турнирінің жеке сеткасында Қазақстан өкілдері қалған жоқ. Дегенмен, Бублик жұптық разрядта ресейлік Карен Хачановпен бірге өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам