Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бірнеше жарысқа қатыса алмаған Рыбакина биыл қомақты табыс тапты

12.11.2024, 10:30

Теннисші құны 180-210 мың еуро тұратын Porsche автокөлігін иеленген

Бірнеше жарысқа қатыса алмаған Рыбакина биыл қомақты табыс тапты
tennisuptodate.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның 2024 жылғы маусымдағы табысы туралы ақпарат жарияланды.

Биыл қазақстандық спортшы WTA 500 санатындағы үш титулға қол жеткізді. Оның алғашқысы – 2024 жылдың басында Брисбенде (Австралия) өткен турнир, бұл жеңісі оған 220 мың доллар табыс әкелді. Кейіннен ол Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен турнирдің чемпионы атанып, 142 мың доллар тапты. Маусымдағы соңғы ірі жеңістерінің бірі – Штутгартта (Германия) өткен турнир болды. Финалда Рыбакина украиналық Марта Костюкке қарсы ойында жеңіске жетіп, 123 480 доллар алды. Сонымен қатар, теннисші құны 180-210 мың еуро тұратын Porsche автокөлігін иеленді. Жалпы, үш турнирдегі жеңістерінен теннисші 485 480 доллар табыс тапты.

Айта кетейік, Рыбакина жыл басынан бері 15 турнирге қатысты, онда әр жеңген матчқа қаржы беріледі. WTA Финалдық турниріне қатысқаны үшін кепілдендірілген төлемі 335 мың долларды құрады, ал әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы жеңген соң, жүлде қоры 685 мың доллар болды. 2024 жылы елдің бірінші ракеткасының жалпы табысы 3 876 915 АҚШ долларын құрап, 1,9 миллиард теңгеге ие болды. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам