Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Зарина Дияс Қазақстан құрамасына оралу туралы мәлімдеме жасады

13.11.2024, 22:24

Ол ұлттық құрама сапында төрт жылдан бері өнер көрсетпеген

Зарина Дияс Қазақстан құрамасына оралу туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы сапында ойнайды.

Бұл Зарина үшін 2020 жылғы ақпаннан бері Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матч болмақ. Себебі ол жарақатына байланысты бірқатар турнирден қалыс қалды. 

«Қарсыластарым туралы көп біле бермеймін, бірақ бұл оларды бағаламау керек дегенді білдірмейді. Бәріміз дайынбыз және жеңіске жетуге тырысамыз. Осындай ұзақ үзілістен соң тенниске, құрамаға оралғаныма қуаныштымын! Қазақстан атынан өнер көрсету мен үшін абырой. Кортқа шығарса, ойнауға дайынмын», - деді Зарина.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 16-17 қарашада Астанада «Билли Джин Кинг кубогының» плей-офф кезеңінде Корея Республикасымен кездеседі. Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы мына теннисшілерге сенім артып отыр: Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам