ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті

16.12.2024, 12:29

Норвегияда үстел теннисінен турнир өтті

Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті
ҰОК

Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті. Оған Азия мен әлем құрамалары қатысты.

Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады. 

Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы өнер көрсетті.

Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер - Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам