ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

19.12.2024, 22:04

Отандасымыз жұптық сында 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалына шықты.

Жұптық сында Жібек Құламбаева және үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд спортшылары Тхасапори Накло/Буньяви Тамчайватпен кездесті. Нәтижесінде, Қазақстан-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева/Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық жұп Рия Бхатия/Зил Дисаимен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам