Отандасымыз сондай-ақ жұптық сында да өнер көрсетіп жатыр
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан World Tennis League турнирінде румын теннисшісі Симона Халеппен ойнап, қиындықсыз жеңіске жетті.
Аталған турнир рейтингтік ұпай бермейді және жай ғана қойылымдық жарыс болып саналады. Сондықтан теннисші қыздар небәрі бір ғана сет ойнап, мықтыны анықтайды. Рыбакина – Халеп кездесуі 35 минутқа созылып, 6:4 есебімен аяқталды. Қазақстандық теннисші үш рет эйс жасап, қателікке мүлдем жол бермесе, Халеп бір эйс және бір дабл-фол жасады.
Айта кетейік, жыл басында ғана әлемдің рейтиннгте төртінші тұрған Елена Рыбакина жеңілістен көз ашпай, қазір алтыншы сатыға бір-ақ сырғыды. Ал, Симона Халеп 2017 жылы әлемнің бірінші ракеткасы болған. Ол «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирді жеңіп, біреуінде финалист болған.