Қазақстан ерлер құрамасынан барған екі теннисші де жеңіліп қалды
Ерлер теннисінде Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Александр Бублик (#37) Australian Open турнирін бірінші айналымда аяқтады.
Бублик алғашқы кездесуін аргентиналық Франсиско Серундолоға (#31) қарсы өткізген. Алайда, қатарынан үш сетте жеңіліп қалды, есеп – 7:6 (7:1), 6:3, 6:2.
Қазақстандық теннисші 10 эйс және 15 дабл-фол еншісіне жазса, қарсыласы 6 эйс және 5 дабл-фол жасады.
Серундоло келесі айналымда Факундо Диас Акоста (Аргентина) – Зизу Бергс (Бельгия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал, Бубликке Аустралия ашық біріншілігінің жекелей сыны аяқталды. Енді ол бағын жұптық сында сынап көрмек.