27 жастағы Бублик Ресейдің Ленинград облысында дүниеге келген
Бұрынғы ресейлік теннисші Қазақстан туының астында өнер көрсетудің қандай екенін алға тартты.
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ресейлік төлқұжатты қазақстандық паспортқа алмастыру туралы ойын айтты.
«Бұл шешім маған көмек қажет болған кезде қабылданды. Қазақстан маған көмектесті, федерацияға, президентке және елге алғыс айтуға міндеттімін. Қазақстан тезірек көтерілуіме қол ұшын созды. Сондықтан бұл туралы өкінемін деп айта алмаймын, бұл дұрыс емес. Менде ондай ой да жоқ. сөйте тұра ұлтымды ауыстыра алмаймын. Бірақ қай кезде де Қазақстан атынан өнер көрсететінім анық, мұны талқылаудың да қажеті жоқ», - деді Александр Бублик.
27 жастағы Бублик Ресейдің Ленинград облысында дүниеге келген. 2016 жылға дейін Ресей намысын қорғаса, содан бері Қазақстан атынан жарыстарға қатыса бастады.
Бұған дейін Бублик «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Санкт-Петербургте тұрғысы келетінін жеткізген.