Оның басты қарсыластары жартылай финалға жетпей жеңіліп қалған
Әйелдер арасында әлемнің 1-ракеткасы беларусь теннисшісі Арина Соболенко Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда ол рейтингте 27-орында тұрған ресейлік Анастасия Павлюченковамен шеберлік байқасып, 2-6, 6-2, 6-3 есебімен жеңді.
Беларусь теннисшісі аталған турнирдегі жеңісті сериясын 19 ойынға жеткізіп, рекорд орнатты. Яғни, ол XXI ғасырда Australian Open-де қатарынан 19 матчта жеңіске жеткен жалғыз теннисші атанып отыр.
Соңғы рет мұндай жетістікке швейцариялық әйгілі теннисші Мартина Хингис жеткен еді. Хингис 1997-1999 жылдар аралығында (XX ғасырда) Аустралияда қатарынан 27 жеңіске қол жеткізген болатын.
Арина Соболенко жартылай финалда әлемнің 11-ракеткасы испаниялық Паула Бадосаға қарсы ойнайды. Бадоса ширек финалда әлемнің 3-ракеткасы америкалық Коко Гауффты жеңген.
Егер Арина өзінің жеңісті сериясын жалғастырып, осы турнирде чемпион болса, Australian Open турнирінде қатарынан 3 рет жеңген теннисші атанады. Ол бұл жетістікке соңғы рет 1999 жылы қол жеткізген Хингистің жетістігін қайталайды.