Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Елена Рыбакина енді ешқандай турнирді жеңбейді»: жанкүйерлер теннисшге ренішін жасырмады

25.01.2025, 00:43

Ол бір жылда әлемдік рейтингте төртінші орыннан жетінші орынға дейін төмендеді

«Елена Рыбакина енді ешқандай турнирді жеңбейді»: жанкүйерлер теннисшге ренішін жасырмады
Reuters

Теннистен биылғы Аустралия ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алысқа шаба алмады. Ол 1/8 финалда америкалық Мэдисон Кизге есе жіберді. 

Бұл жеңілістен кейін Рыбакина журналистерге жеңілісінің себебін түсіндіріп, ақталғандай болған. Десе де, әлеуметтік желіде қазақстандық теннисшіні сын астына алғандар қатары көп.

Жанкүйерлердің көбі Еленаның енді қандай да бір турнирді жеңетініне сенбейді. Ал, «Үлкен дулығаны» тіпті армандаудың қажеті жоқ дейді желі қолданушылары.

«Елена Рыбакина енді ешқандай турнирді жеңбейді. Бұл бұрынғы Елена емес. Үлкен дулығаны армандамаңдар», - деген сарындағы жазбалардан аяқ алып жүре алмайсың.

Рыбакинаның жолы былтыр да болмаған. Ол онға жуық турнирді денсаулығына байланысты орта жолдан тастаса, Олимпиада ойындарына мүлдем қатысқан жоқ. Биыл жыл басынан бері екі жарысқа қатысып, екеуінде де жеңіліп қалды.

Былтыр WTA рейтингінде төртінші болған қазақстандық теннисші қазір жетінші орынға сырғыды. Егер дәл осындай нәтиже көрсетуін жалғастырса жазға дейін тағы бірнеше позицияға төмендейтіні анық.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам