Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Елена Рыбакинаның жолын кескен америкалық теннисші Australian Open чемпионы атанды

25.01.2025, 16:21

Ол мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирді жеңіп алды

Елена Рыбакинаның жолын кескен америкалық теннисші Australian Open чемпионы атанды
Getty Images

Australian Open 2025 турнирінің әйелдер арасындағы сайысында америкалық Мэдисон Киз чемпион атанды. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы жеңді.

Матч үш сетке созылып, 6:3, 2:6, 7:5 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 2 сағат 4 минут уақыт өткізді. Киз 6 эйс жасап, қателікке мүлдем жол бермесе, Соболенко 3 эйс және 6 дабл-фол жасады.

Айта кетейік, америкалық теннисші 1/8 финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген болатын. Ал, жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы – поляк қызы Ига Швентектен айласын асырды.

29 жастағы Киз Australian Open 2025 турниріндегі ең жасы үлкен теннисшілердің бірі. Ол өз мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің чемпионы атанып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам