Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Бублик пен Недовесовтің Аustralian Open турнирінің жұптық жарысындағы серіктері белгілі болды

29.12.2023, 10:46

Қыздар арасынан бұл жарысқа Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина қатысады

Бублик пен Недовесовтің Аustralian Open турнирінің жұптық жарысындағы серіктері белгілі болды
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисшілер Александар Бублик пен Александр Недовесовтің Australian Open турнирінің жұптық сынында кіммен бірге ойнайтыны анықталды.

Келер жылдың басында «Үлкен дулыға» турнирінде Бублик ресейлік Аслан Карацевпен жұптасып кортқа шығады. Ал, Александр Недовесов теннистегі сыралғы серіктесі, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бақ сынауға шешім қабылдап отыр.

Теннистен Аустралия ашық чемпионаты 16-27 қаңтар күндері аралығында өтеді.

Бұл сында еліміздің атынан Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева, Анна Данилина (жұптық сын, микст) және Александр Недовесов (жұптық бәсеке) өнер көрсетеді.

Оған қоса Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Тимофей Скатов жарысты іріктеу сындарынан бастайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам