Бұл жылдың соңғы жарысы
Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева Мумбайда басталған ITF турнирін сәтті бастады. Үндістанда өтіп жатқан турнирде отандасымыз корт иесі Вайшанави Адкарға қарсы өткізген болатын.
Дүниежүзілік рейтингте 469-орында тұрған Жібек Құламбаева 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы әлемнің 923-ші ракеткасы саналады.
Кездесудің алғашқы сетінде Вайшанави Адкар 6:4 есебімен алға шыққан. Алайда, екінші сетте отандасымыз 7:5 есебімен жеңіп, үшінші сетті 6:3 нәтижесімен аяқтады.