Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирін жеңіспен бастады

26.02.2025, 16:42

Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайды

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирін жеңіспен бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Тунисте өтіп жатқан ITF сериялы турнирінінің бірінші айналымында алжирлік Самир Хамзаны жеңді. 

Үш сағатқа созылған тартысты матчта Әмір бірінші сетте есе жібергенімен, келесі екі сетте сәтті өнер көрсетіп, 3:6, 7:6 (9:7), 7:5 есебімен матчты аяқтады.

Әмір Омарханов келесі кезеңде Константин Биттун-Кузьмин – Лука Констагнола жұбының жеңімпазымен кортқа шығады. Жеңсе ширек финалға жолдама алады.

Айта кетейік, Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы рейтингте 11-орында, ал АТР рейтингінде 1036-орынға жайғасқан. Сондай-ақ, ол биыл қаңтарда өткен Australian Оpen Juniors турнирінде ширек финалға бір қадам жетпей қалған еді. Ол кезде қазақ теннисшісі швед Уильям Рихтманнан 4:6, 6:4, 7:6 есебімен жеңілді.

Тунисте өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 15 мың долларды құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам