
Қазақстандық теннисші осы ресейліктен биылдыққа екінші рет жеңіліп отыр
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орын) Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирдің 1/8 финалында ойсырай жеңіліп қалды.
Рыбакина 17 жастағы Ресей теннисшісі Мирра Андреевамен (11-орын) кортқа шыққан. Екі сет те ресейліктің толықтай басымдығымен өтіп, матч 6:1, 6:2 есебімен аяқталды.
Ойын 1 сағат 6 минутқа созылды. Мирра Андреева ширек финалға шықты.
Айта кету керек, осыдан екі аптадан астам уақыт бұрын Дубайда (БАӘ) өткен турнирдің жартылай финалында Рыбакина дәл осы Андреевамен ойнап, үш сетте жеңіліп қалған болатын. Қос теннисші өзара төрт рет кездесіп, оның үшеуінде Мирра Андреева жеңіске жеткен.