
Қос теннисші осымен төрт рет кездесіп, оның үшеуінде Андреева жеңіске жеткен
Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакинаны ойсырата жеңген ресейлік жас теннисші Мирра Андреева матчтан кейін осы кездесуге қатысты ойын білдірді.
Айта кетейік, Рыбакина WTA рейтингінде 7-орында тұрса, 17 жастағы Андреева 11-сатыда.
«Мен ойынның өте қиын болатынын білдім. Ол бұрын осы турнирде жеңімпаз болған. Сол себепті оның осы кортта өзін жайлы сезінетінін білдім. Сондықтан мен бұл ойынға тамаша көңіл-күй тауып, әр ұпай үшін күресуге тырыстым. Бүгінгі ойынға қатты толқыдым, неге екенін білмеймін. Кейде мұндай жағдай болып жатады. Мен жай ғана батылдық танытып, кортқа шығып, өзімнің ең жақсы өнерімді көрсетуге тырыстым», - деді Мирра Андреева.
Айта кетейік, кездесу 6:1, 6:2 есебімен ресейлік теннисшінің сенімді жеңісімен аяқталды. Осылайша, Андреева турнирдің ширек финалына шықты. Енді ол украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.
Айта кету керек, ақпан айында Дубайда өткен турнирде де Андреева мен Рыбакина кездесіп, ресейлік теннисші жеңіске жеткен болатын.