Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

19.03.2025, 11:14

Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды
ҰОК

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мериде (Мексика) өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Бұл жетістікке ол эквадорлық Андрес Андрадені жеңгеннен кейін қол жеткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте ұтты. Қорытынды есеп – 6:3, 6:4.

Ширек финалға шығу үшін Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам