Александр Бублик Мастерс турнирінде сенсация жасады

28.04.2025, 00:18

Аталған турнирде Елена Рыбакина да өнер көрсетіп жатыр 

Александр Бублик Мастерс турнирінде сенсация жасады
ATP

Мадридте (Испания) теннистен өтіп жатқан Masters турнирінің үшінші айналымында қазақстандық Александр Бублик әлемнің 8-ракеткасы Андрей Рублёвті жеңіп, сенсация жасады.

Айта кету керек, ресейлік Рублёв – осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы.

Аталған матч 1 сағат 22 минутқа созылды. Есеп – 6:4, 0:6, 6:4.

Ойын барысында ресейлік теннисші 12 эйс жасап, екі қос қателік жіберді. Сондай-ақ, бес мүмкіндіктің үшеуінде брейк-пойнтты өз пайдасына шешті. Александр Бублик болса 10 эйс жасап, алты қос қателікке жол берді. 6 брейктің екеуін сәтті пайдалана білді.

Келесі айналымда Бублик Бен Шелтон (АҚШ) мен Якуб Меншик (Чехия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстандық өзге теннисшілер Елена Рыбакина мен Анна Далинина бүгін кезекті ойындарын өткізеді.

Masters турнирі 5-мамырға дейін жалғасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам