Елена Рыбакина Мадрид турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды

28.04.2025, 01:32

Осы жеңілістен кейін ол әлемдік рейтингте тағы құлдырауы мүмкін

Елена Рыбакина Мадрид турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды
WTA

Әлемдік рейтингте 11-ші сатысында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің 1/16 финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз Испаниядағы сында украиналық Элина Светолинаға қарсы ойнаған болатын. Алайда, кездесу 2:0 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Алғаш сет 3:6 есебімен аяқталды. Рыбакина сылбыр ойнап, қарсыласының екі рет брейк жасауына мүмкіндік берді. Ал, екінші сетте украиналық теннисші бір рет брейк жасап, 6:4 есебін тіркеді.

Элина Светолина әлемдік рейтингте 17-ші сатыда тұр. 

Еске салайық, Мадрид турнирінің 1/32 финалында Елена Рыбакина канадалық Бьянка Андрескуден 2:0 (6:3, 6:2) есебімен басым түскен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам