
Былтыр жыл басында ол әлемдік рейтингтің төртінші сатысында тұрса, бүгінде 12-орынға түсіп кеткен
Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңілгеннен кейін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде құлдырауын жалғастырды.
WTA-ның жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисші бір сатыға төмендеп, 12-орынға жайғасқан. Бір жыл бұрын отандасымыз аталған рейтингтің алғашқы бестігінде болатын. Париж Олимпиадасына дейін және кейін болған сәтсіздіктер осылайша өз «жемісін беріп жатыр».
Рейтингтің бірінші сатысында бұрынғыша Арина Соболенко (Беларусь) келеді. Америкалық Кори Гауфф екінші орнын сақтаса, оның отандасы Джессика Пегула үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева болса үш сатыға төмендеп, 32-орынға жайғасты.