Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Юлия Путинцева Хобартта өтіп жатқан WTA турнирінде жеңіліп қалды

11.01.2024, 16:49

Бірінші айналымда Юлия керемет камбэкпен жеңіске жеткен еді

Юлия Путинцева Хобартта өтіп жатқан WTA турнирінде жеңіліп қалды
olympic.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды. Ол қытайлық теннисші Юань Юэмен кездесіп, 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жол берді.

Екінші сетте Путинцева 4:1 есебімен жеңіп тұрған болатын. Алайда, қарсыласына бірнеше брейк жасауға мүмкіндік беріп, қолда тұрған жеңісінен айрылып қалды.

Матч 2 сағат 24 минутқа созылды.

Ойын барысында Юэ 6 рет эйс жасап, бір рет дабл-қате жіберді. Ал, Путинцева екі дабл-қате жіберген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам