Карлос Алькарас ерекше камбэк жасап, «Ролан Гарростың» чемпионы атанды

09.06.2025, 00:10

Ол осы жеңісі үшін 2,55 еуро сыйақы алады

Карлос Алькарас ерекше камбэк жасап, «Ролан Гарростың» чемпионы атанды
Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы – испан теннисшісі Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» турнирінің биылғы чемпионы атанды. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнерді бес сетте жеңді, есеп – 4:6, 6:7 (4:7), 6:4, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2).

Матч 5 сағат 31 минутқа созылды. Алғашқы екі сетте Синнер жеңіске жетіп, чемпиондыққа бір табан жақындаған. Алайда, қалған үш сетте испан теннисшісі ерекше қайсарлық танытып, камбэк жасады. 

Төртінші сетте италиялықтың матч тағдырын шешетін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда, Алькарас әрбір ұпай үшін барын салып, өзінің чемпиондыққа лайық екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, испан теннисшісі «Ролан Гарросты» осымен екінші рет жеңіп отыр. Ол былтыр да Париж төрінде «Үлкен дулығаны» иеленген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам