Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростан» соң рекорд орнатты

09.06.2025, 12:38

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростан» соң рекорд орнатты
ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінен кейін жұптық сында Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бірден 9-орынға көтерілді. Бұл оның спорттық мансабындағы ең үздік нәтиже.

Еске сала кетсек, Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен дуэтте Францияның ашық чемпионатының финалына дейін жетті. Шешуші кездесуде олар Италиядан келген Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберді.

WTA-ның жұптық сындағы үздік 10 теннисшісі:

Катерина Синякова (Чехия)

Тейлор Таунсенд (АҚШ)

Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия)

Елена Остапенко (Латвия)

Габриэлла Домбровски (Канада)

Жасмин Паолини (Италия)

Сара Эррани (Италия)

Вероника Кудерметова (Ресей)

Анна Данилина (Қазақстан)

Диана Шнайдер (Ресей).

«Ролан Гаррос» турнирі барысында Данилина мен Крунич жұбы сенсация жасап, басты фаворит саналған Синякова мен Таунсенд дуэтін жарыстан шығарып жіберді. Бұған дейін Аннаның ең жоғары көрсеткіші - 10-орын болған.

Өзге қазақстандық теннисшілердің де нәтижесі жақсарған. Жекелей сында Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» аяқталғаннан кейін 27-орынға көтерілсе, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 19 саты жоғарылап, 43-орынға жайғасты.

Ал әйелдер арасында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі 11-орнын сақтап қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам