Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің бірінші айналымында ойсырай жеңілді

15.01.2024, 13:30

Елена Рыбакина алғашқы кездесуін 16 қаңтарда өткізеді

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің бірінші айналымында ойсырай жеңілді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 64-орында) үшін Australian Open турнирі бірінші айналымнан кейін-ақ аяқталды. Жерлесіміз жарыс аутсайдерлерінің біріне ойсырай жеңілді.

Турнирді 1/64 финалдан бастаған Путинцева ресейлік теннисші Анастасия Захаровамен (190-орын) кортқа шыққан болатын. Бірінші сетте ол қарсыласын 6:2 есебімен оңай ұтқанымен, екінші сетте 0:6, үшінші сетте 3:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Юлия Путинцева үшін Аустралияның ашық біріншілігі ерте аяқталды. Ал, Захарова болса келесі айналымда Словениядан келген Кайи Йуванмен (109-орын) өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болса кортқа 16 қаңтарда шығады. Оның қарсыласы – әлемнің экс-бірінші ракеткасы Каролина Плишкова (38-орын).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам