Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігін жеңіспен бастады

16.01.2024, 15:03

Оның ендігі қарсыласы – болгариялық Виктория Томова

Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігін жеңіспен бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда әлемнің экс-бірінші ракеткасы – чехиялық Каролина Плишкованың 2:0 есебімен жеңді.

Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған отандасымыз ә дегеннен ойындағы алғашқы геймде есе жеберді. Алайда, бірінші сеттің төртінші геймінде нәтижені теңестіре алды. Тай-брейкке дейін барған сетті Рыбакина 7:6 есебімен жеңіспен аяқталды. 

Екінші кезеңде ол басымдықты бірден қолға алды. Төртінші геймде брейк жасап, партияны 6:4 есебімен тәмамдады. Осылайша 2:0 нәтижесімен сенімді жеңіске жеткен Елена Рыбакина турнирдің 1/32 кезеңіне жолдама алды. 

Келесі айналымда ол болгариялық Виктория Томовамен шеберлік байқасады. Томова әлемдік рейтингте 70-ші орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам