Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Australian Open турнирінде ресейлік жас теннисші сенсация жасады

17.01.2024, 11:13

Матч небәрі 56 минутқа созылды

Australian Open турнирінде ресейлік жас теннисші сенсация жасады
Чемпионат.ру

Теннистен Аустралия ашық біріншілігінде сенсациялық нәтиже тіркелді. Ресейлік 16 жастағы теннисші Мирра Андреева (WTA рейтингінде 47-орында) Тунистің әйгілі теннисшісі Онс Жаберді (6-орын) тас-талқан етіп ұтты.

Аталған ойынның бірінші сеті 6:0 есебімен аяқталса, екінші сетте 6:2 есебі тіркелді.

Матч 56 минутқа созылды. Екі сетте ресейлік теннисші екі рет эйс жасап, бір рет қос қателікке ұрынды. Жабер де екі рет эйс жасағанымен, небәрі екі геймді ғана өз пайдасына шеше алды.

Келесі айналымда Мирра Андреева Камилла Рахимова (Ресей) – Диан Парри (Франция) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам