Қазақстандық жанкүйерлер оның Ресейден келген легионер екенін алға тартуда
Аустралияның ашық біріншілігінде Ресей теннисшісі Анна Блинковадан шешуші сәтте ұтылған қазақстандық Елена Рыбакина жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырағаны белгілі. Осы орайда оның жеңісті өзінің байырғы отандасына сатып жібергені туралы әңгімелер тарай бастады. Өйткені, Рыбакина – Қазақстанға Ресейден келген легионер.
Осы орайда спорт журналисі Руслан Меделбек пікір білдіріп, Рыбакинаның.
«Доданың орталық кортында прайм таймда ойнау ол үшін қосымша мотивация болды. Блинкова жеңілсе де ештеңе жоғалтпайтын еді. Кортқа ойыннан рахаттану үшін, тәжірибе үшін шығып, еш қысымсыз ойнады. Кураж. Ешқандай қысым жоқ болғанда, не болса да бар ойынымды көрсетейін деп шыққанда ойыншының әр добы дөп түсіп жатады. Екінші себеп, ауа райы. Рыбакинаның ойыны подача арқылы жүреді. Ал күн салқын болса доп дұрыс ұшпайды. Кеше Мельбурнде күн салқын болды. Сондықтан бірінші сетте Ленаның подачалары, бірінші подачалары дұрыс өтпеді. Үшінші себеп, қысым. Рыбакина бұл доданың басты фавориті болды. Сарапшылардың басым бөлігі Рыбакина, Кауфф (АҚШ) және Швентектің бірі (Польша) титул алар деп болжады. Оған қоса жыл басында Брисбендегі жарысты жеңіп, бүкіл теннис сарапшылардың назарын аударды. Осы қысым ойыншыға қосымша жүк болғандай», - деп жазды журналист өзінін Facebook-парақшасында.
Руслан Меделбек «бұл жеңіліс Рыбакинаға соққы болып, ойыны төмендеп кетуіне әсер етуі мүмкін» деген болжамын айтты. Ол теннисшінің алда Дубай, Дохадағы WTA 1000 турнирлері бар, сол турнирдің бірін алуы керек деп санайды.
«Рыбакина орыстарға әдейі жеңіледі» деген бос сөз. Әр теннисші үшін Grand Slam алтыннан да бағалы. Онда ақша, жарнама, ұпай, рейтинг, атақ-даңқ. Кешегі ойынды «сатып жіберсе», соңғы супертайбрейкті 30 минут бойы ойнамас еді. Есеп 22:20 болмас еді», - деп жазды Р.Меделбек.