Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Ресейлік теннисшімен қол алысқан украиналық Елизавета Котлярдың әкесі ақталып кешірім сұрады

21.01.2024, 11:35

Украина теннис федерациясы болса мұны «жағымсыз жайт» деп бағалады

Ресейлік теннисшімен қол алысқан украиналық Елизавета Котлярдың әкесі ақталып кешірім сұрады
Большой Теннис Украины

Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінде ресейлік Влада Минчевамен ойнап, матчтан кейін онымен қол алысқан украиналық теннисші қыз Елизавета Котлярдың әкесі қызын ақтап алуға тырысты.

Айта кетейік, аталған кездесу ресейлік теннисшінің жеңісімен аяқталды, есеп 6:2, 6:4.

«Ол автоматты түрде теннисте қалыптасқан дәстүрді орындады, сетканың арғы жағында Ресей теннисшісі тұрғанын түсінген де жоқ. Бұл Лизаның қателігі болды және сол үшін өзі қатты өкініп отыр. Мұндайды енді қайталамауға уәде берді. Шынында, ол Украинаның нағыз патриоты, болашақта да осындай олып қала береді», - деді Котлярдың әкесі.

Еске салайық, бұған дейін ересектер арасындағы Australian Open турнирінде осыған ұқсас жағдай тіркелген болатын. Украина теннисшісі Леся Цуренко беларусь теннисшісі Арина Соболенкодан жеңілгеннен кейін онымен қол алысудан бас тартқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам