Қазақстандық теннисші US Open турнирінде сенсация жасады

Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымға шықты

KTF
KTF

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. 

ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен кездесті.

Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр. 

Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды. 

Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам