
Өз көрсеткішін бес сатыға жақсартты
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик US Open жарысынан кейін ATP-дің жаңартылған рейтингінде қайтадан үздік 20 ойыншының қатарына енді.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған тізімде испаниялық Карлос Алькарас АҚШ ашық біріншілігіндегі жеңісінен соң көш басына қайта шықты. Ол финалға дейін жеткен Янник Синнерді (Италия) артқа тастады.
Ал Бублик өз көрсеткішін бес сатыға жақсартып, әлемнің 19-ракеткасы атанды.
ATP рейтингіндегі Топ-20:
Карлос Алькарас (Испания)
Янник Синнер (Италия)
Александр Зверев (Германия)
Новак Джокович (Сербия)
Тэйлор Фриц (АҚШ)
Бен Шелтон (АҚШ)
Джэк Дрейпер (Ұлыбритания)
Алекс Де Минаур (Аустралия)
Лоренцо Музетти (Италия)
Карен Хачанов (Ресей)
Хольгер Руне (Дания)
Каспер Рууд (Норвегия)
Феликс Оже-Альяссим (Канада)
Андрей Рублев (Ресей)
Томми Поул (АҚШ)
Иржи Легечка (Чехия)
Якуб Меньшик (Чехия)
Даниил Медведев (Ресей)
Александр Бублик (Қазақстан)
Алехандро Давидович-Фокина (Испания)
Айта кетейік, Бублик аталған турнирде өзінің мансабындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ол алғаш рет US Open турнирінің 1/8 финалына дейін жетіп, финалист атанған Янник Синнерге ғана жол берді.
2025 жылғы маусым қазақстандық спортшы үшін сәтті өтіп жатыр. Александр Бублик Гштаад пен Китцбюэльдегі ATP 250 турнирлерінде жеңімпаз атанып, Галледегі беделді ATP 500 жарысында да үздік шықты.