ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстан АҚШ-ты жеңуі мүмкін бе? Елена Рыбакина мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:43

Теннисші: АҚШ мықты құрама болғанымен, бізде де мүмкіндік бар

Қазақстан АҚШ-ты жеңуі мүмкін бе? Елена Рыбакина мәлімдеме жасады
KTF

Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында АҚШ құрамасымен өтетін матч алдында өз ой-пікірімен бөлісті.

Қазақстандық теннисшінің мәлім еткеніндей, дайындық ойдағыдай өтіп жатыр.

«Әр турнирге әзірлік мен үшін бірдей деуге болады. Америкада мен көп матч өткіздім, бұл, әрине, жақсы. Нью-Йоркта аздаған жарақат алдым, сондықтан қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Бірнеше күннен бері осындамыз. Алда әлі екі күн бар, сондықтан бәрі қалыпты», - деді Рыбакина. 

Қарсыластарға тоқталған теннисші АҚШ құрамасының деңгей өте жоғары екендігін айтты. 

«АҚШ-тың әлемдегі ең мықты командалардың бірі екендігі анық. Пегулаға талай рет қарсы келдім. Наварромен де оңай болған жоқ. Әрине, командалық жарыстың өз ерекшелігі бар, қысым да, психология да басқаша. Дегенмен бізде де мүмкіндік бар, үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз», - деді Елена.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×