Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірнеше сатыға төмендеді

29.01.2024, 09:31

Ол бұған дейін WTA рейтингінде үшінші орында тұрған

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірнеше сатыға төмендеді
USA Today Sports

Дүниежүзілік Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады деп хабарлайды 1bol.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші орыннан бірден бесіншіге төмендеді. Ал, Юлия Путинцева болса алты сатыға құлдырап, 70-орынға тұрақтаған. Мұндай жағдайға Australian Open турниріндегі сәтсіздік себеп болған сыңайлы.

Бірінші орында поляк қызы Ига Швентек тұр. Аустралия ашық біріншілігін жеңіп алғанына қарамастан беларус теннисшісі Арина Соболенко екінші орыннан көтеріле алмады. Ал, үшінші орынға америкалық Кори Гауфф жайғасқан. Ол бұған дейін төртінші сатыда еді.

Жұптық сында өнер көрсететін қазақстандық Анна Данилина болса 44-орнын сақтап қалды. Бұл рейтингте бірінші орында бельгиялық Элиза Мертенс тұр. Қытайлық Се Шувей оны өкшелеп келеді. Үздік үштікті аустралиялық Сторм Хантер қорытындылаған.

Australian Open турнирінің барлық матчын тікелей эфирде тегін көріп, 1 млн теңге фрибеттер ұтысына қатысыңыз және шотты бірінші толтырғанға 200 000 теңге бонус алыңыз – FONBET сайтына және мобильді қосымшасына келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам