
Теннисші Елена Рыбакинаны жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті
Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко Қытайдың Ухань қаласында өткен турнирдің ширек финалында Қазақстанның үздік спортшысы Елена Рыбакинаны жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.
Кездесу жоғары деңгейде өтіп, Соболенко қарсыласынан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Жеңістен кейін әлемнің үздік теннисшісі Рыбакинаға деген құрметін білдіріп, олардың арасындағы бәсекелестіктің ерекше екенін атап өтті:
«Елена – тамаша теннисші және өте мәдениетті, жағымды адам. Онымен ойнау әрдайым қиын. Біздің өзара кездесулер тарихы да ұзаққа созылып келеді — олардың әрқайсысы нағыз керемет тартысқа айналады. Рыбакинамен матчтар әрдайым ерекше әсер сыйлайды, себебі ол мені бар күшімді салуға итермелейді», — деді Соболенко матчтан кейінгі сұхбатында.
Сонымен қатар спортшы жеңісіне риза екенін және жанкүйерлердің қолдауын ерекше бағалайтынын айтты:
«Бүгінгі ойыным өзіме қатты ұнады. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын әрі трибунадағы жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Олардың қолдауы маған үлкен күш берді. Барлықтарыңызға рақмет!»