Отандасымыз канадалық Феликс Оже-Альяссимге есе жіберді
Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында сәтсіздікке тап болды.
ATP-1000 деңгейіндегі жарыста қазақстандық теннисші алғаш рет жартылай финалға шыққан еді. Ал финал жолдамасы сарапқа салынған кезеңде жерлесіміз канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездесті.
Биыл Оже-Альяссим бабында: алғаш рет US Open турнирінің жартылай финалына дейін жетті.
Бубликтің де биылғы маусымы табысты өтті. Ол еліміздің теннис тарихында ерлер арасында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирлерінің ширек финалына дейін жетіп, Галледегі турнирде чемпион атанса, Нью-Йоркте де тәп-тәуір өнер көрсетті.
Алайда Париждегі жартылай финал қазақстандық үшін сәтсіз аяқталды - матч 7:6, 6:4 есебімен Оже-Альяссимнің пайдасына шешілді.
Александр Бубликтің Париждегі ATP-1000 турниріне дейінгі жолы:
1/32 финал: Алексей Попырин (Аустралия) - 6:4, 6:3
1/16 финал: Корентин Муте (Франция) - 6:3, 7:5
1/8 финал: Тейлор Фриц (АҚШ) - 7:6(5), 6:2
1/4 финал: Алекс Де Минор (Аустралия) - 6:7(5), 6:4, 7:5.