Жарыс 30 наурызда өтеді
Батысқазақстандық Тілек Мұханбетқалиевке тиесілі Кабирхан есімімен әлемге таныла бастаған ат дүбірлі аламанда бақ сынайды.
Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін сында бас жүлдеге 1,7 миллион араб дирхамы берілмек. Аталған соманың 1 млн дирхамын жеңіске жеткен ат иесі алады. Айта кететін жайт, 1 дирхам 120 теңгеге бағаланады.
Айтулы сын 30 наурыз күні өтеді. Бұл сында танымал сәйгүлік бұған дейінгі аламанда бірге бәйгеге қатысқан аттармен қатар шаппақ.
еске салайық, бұған дейін ат иесі дүбірлі аламанда бас бәйге алған соң, қызығушылық танытқандар қатары артқанын айтқан еді. Тіпті олардың арасында 1 млн АҚШ долларын ұсынып, Кабирханды сатып алғысы келгендер болған.