Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Мақтауы асқан Кабирхан Дубайдағы бәйгеде жеңіліп қалды

31.03.2024, 11:06

Жеңімпазға 7 млн доллар беріледі

Мақтауы асқан Кабирхан Дубайдағы бәйгеде жеңіліп қалды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық арғымақ Кабирхан Dubai World Cup бәйгесіне қатысып, финалдық кезеңде жеңіліп қалды.

Негізгі жарысқа 12 арғымақ қатысқан. Тілек Мұзанбетқалиевке тиесілі Кабирхан небәрі сегізінші келді. Бұған дейінгі жарыстарда Қазақстанның жылқысы үнемі топ жаратын.

Dubai World Cup – жыл бәйгесі саналады. Бірінші келген сәйгүлікке 7 млн долларға жуық жүлде қарастырылған. Сондай-ақ, жеңімпаз 10 пайыздық бонусқа да ие болуы мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам